"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі аумағында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын әкімнің қызметін қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Ауылдық округ әкімі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста сенімхатсыз әрекет етеді.
Ауылдық округ әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
Мемлекеттік органның міндеттері
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауылдық округті дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуде әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.