Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауылдық округі әкімінің аппараты туралы

    «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданыны әкімдігінің Заградовка ауылдық әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi соның iшiне Заградовка селосы кiретiн Заградовка селолық округiнiң барлық аумағында әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк басқару және бақылау саласында жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемесi болып саналады,

    Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк қызметтер бекiтiлген стандарттарға сәйкес және енгiзiлген өзгертулердi ескере отырып жүктелген мiндеттердi iске асыру шеңберiнде көрсетедi:

    • жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
    • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру:
    • жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;
    • елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру.
    • Сауда- саттықты (конкурсарды, аукциондарды) өткізуді талп етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер участкелеріне құқықтарды алу
    Шешім

    Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/546 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/546 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1) кірістер – 39 424 мың теңге: салық түсімдері - 11 641 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 961 мың теңге; арнайы түсімдер - 0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 25 822 мың теңге; 2) шығындар – 39 677 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -253 мың теңге; 6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – -253 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 253 мың теңге: қарыздар түсімі - 0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-253 мың теңге.»; Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихат төрағасы Е. Тұтқышев

    Жарияланды: