Қызметкерлер — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Сисенбаев Нұркен Жалғасбайұлы
    Қызметкерлер

    Сисенбаев Нұркен Жалғасбайұлы

    Явленка ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян Сисенбаев Нұркен Жалғасбайұлы 1989 жылы 8 наурызда Өзбекстан Республикасы, Үшқұдық ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы Мыңбұлақ ауылындағы №3 Абай атындағы қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа барды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылына келіп, кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 қазақ орта мектебінде 6 сыныпта оқыды. 2005 жылы мектепті бітіріп, Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің ауылшаруашылық механизаторы мамандығына оқуға түсті. 2010 жылы Есіл аудандық Мәдениет үйіне дыбыс режиссерінің көмекшісі болып жұмысқа орналасты. 2011 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы өнер колледжіне ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандығына түсіп, 2013 жылы оқуымды тәмамдады. 2011 жылы дыбыс режиссерінің көмекшісі лауазымынан режиссердің ассистенті лауазымына ауыстырылды. 2013 жылы режиссердің ассистенті лауазымынан "Шабыт" халық театрының әдіскері лауазымына ауыстырылды. 2018 жылдың қараша айынан бастап Есіл аудандық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарды. 2019 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне музыкалық білім мамндығына түсіп. 2021 жылы оқуымды тәмамдады. 2021 жылы "Шабыт" халық театрының әдіскері лауазымынан "Асыл мұра" вокалдық тобының жетекшісі лауазымына ауыстырылды. 2024 жылғы 6 тамыздан бастап Есіл аудандық сайлау комиссиясының Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.