Аққайың ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Аппарат) Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша қайда жүгiну керек

    Жауап

    Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамамен мыналар қарастырылған: қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарда оқыту; бюджет қаражаты есебiнен еңбекақы төлеудi көздейтiн қоғамдық жұмысқа немесе әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту; 583400 теңгеге дейiн грант алу; жылдық 6% номиналды сыйақы мөлшерлемесiмен жеңiлдiктi несие беру (қалаларда 19 млн.теңгеге дейiн және ауылдық елдi мекендерде 7,3 млн. теңгеге дейiн) қарастырылған. Жұмысқа орналасуға жәрдем алу және осы шараларды алу шарттары мен мерзiмдерiн нақтылау үшiн өзiмен бiрге жеке куәлiгi болған жағдайда, жұмыс iздеушi тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiне алады.

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесiн бөлу тәртiбi

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi: жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi (өтiнiмдi) қарауға қабылдау; сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау жатады; жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде); жер комиссиясының қорытынды дайындауы; жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы; сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу; жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу; елдi мекен шегiнде объектiлер салуға арналған жер учаскесiн қоспағанда, жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру. Жер учаскесiн беру бойынша Сiзге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға жүгiну қажет.

    ·
    Сұрақ

    АӘК алу үшiн қандай құжаттар қажет және қайда жүгiну керек? АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет.

    Жауап

    АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет. Көмектi тағайындау мемлекеттiк органдардың 24 ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген «Е-Халық» жүйесiнде жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жүйелерде өтiнiш берушiлер туралы ақпарат болмаған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары деректердi нақтылау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға сұрау салулар жiбередi. Адам жеке өзiнiң немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшiн тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi. Интернетке қолжетiмдiлiк және электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде өтiнiштi үйден шықпай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталында беруге болады (www.egov.kz).

    ·
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағындаүгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін орындардың ТІЗБЕСІ

    Солтүстік Қазақстан облысыАққайың ауданыбойынша кандидаттардың сайлаушыларменкездесуі үшін орындардыңТІЗБЕСІ

    Жарияланды:
    Шешім

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен олардың орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА

    Аққайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен оның орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА №р/б Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Телефон,e-mail Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы Аққайың ауданының аумақтық сайлаукомиссиясы 1 150300, Смирново а., Желтоқсан к., 7, 1 каб. аудандық кітапханасының ғимараты тел. 8(71532) 2-12-02 e-mail: [email protected] Төраға – Садықов Қанат Ескендірұлы; төраға орынбасары– Плищенко Ольга Эдуардовна; комиссия хатшысы– Кенжебаева Раушан Ермекқызы; комиссия мүшелері – Ақжолов Талғат Мейрамбекұлы, Биғожин Азат Өміржанұлы, Нұрсайытов Марат Ғазизұлы, Шәріпова Мәряш Өмірзаққызы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сall center

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылты 23 тамызга тагайындалган Кдзакстан Республикасы курылтай депутаттарын сайлау шецберщде сайлау алдындагы упт материалдарын орналастыру унпн баспа алацдарын усынганы унпн телем мелшер1

    Жарияланды: