Жалпы орта білім беру және педагогтермен жұмыс секторының секторы

    Жалпы ақпарат

    Сектордың миссиясы:
    Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аттестаттау және лицензиялау; жалпы білім беретін ұйымдарда тіл саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік актілердің орындалуын бақылау, сондай-ақ «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын қадағалау.

    Мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын, оқыту сапасын (ҰБТ, БСБ, қорытынды аттестация) бақылау, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуын, қаланың білім беру мекемелерінің компьютерлік жабдықталу жай-күйін, бейіндік оқытуды және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардағы оқытуды қадағалау; мектеп кітапханаларының және білім бөлімі сайтының жұмысын бақылау. Оқушылардың барлық деңгейдегі олимпиадаларға, зияткерлік байқауларға қатысуын ұйымдастыру; білім беру ұйымдарының оқу жоспарларын бекіту; мектептердің эксперименттік және инновациялық қызметін ұйымдастыру және бақылау; білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, қатаң есептегі құжаттармен (куәліктер, аттестаттар, анықтамалар) қамтамасыз ету, оларды есепке алу және беру үдерісін бақылау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу.

    1 Асаинова Шынар Бакибаевна Жалпы орта білім беру және педагогтермен жұмыс секторының меңгерушісі
    2 Шарипова Сипатова Асель Шаймардановна Жалпы орта білім беру және педагогтермен жұмыс секторының меңгерушісі м.а.
    3 Смбек Әйгерім Рүстемқызы Жалпы орта білім беру және педагогтермен жұмыс секторыныңбас маманы