Хатшылық
Жалпы ақпарат
Хатшылықтың құрылымына төрт сектор кіреді:
- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау секторы;
- кадр жұмысы секторы;
- қаржы секторы;
- халықаралық ынтымақтастық секторы.
Хатшылық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- персоналды басқару жөніндегі қызметті кешенді ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметті өткерудің барлық кезеңдерін қамту;
- бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық рәсімдерді ұйымдастырудан бастап жұмысқа қабылдау, «e-Qyzmet» ақпараттық жүйесінде есепке алуды жүргізу, аттестаттау, ротациялау, қызмет нәтижелерін бағалау және еңбек қатынастарын ресімдеу процестерін сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- кадрлардың кәсіби дамуы мен бейімделуін ұйымдастыру, оның ішінде жүйелі оқытуды, қайта даярлауды, біліктілікті арттыруды, тәлімгерлік институтының жұмысын үйлестіруді және тағылымдамаларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- штат кестесін, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды және біліктілік талаптарын әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз ету;
- қызметтік тәртіптің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
- тәртіптік және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, қажетті есептілікті жүргізу және уәкілетті органдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен салыстырып тексерулер жүргізу арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Ұлттық орталықтың бюджетті жоспарлау және атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау саласындағы қызметін қамтамасыз ету;
- құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
- құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның облыстар мен облыстық маңызы бар қалалардағы өкілдерінің қызмет бағыттарына сәйкес алдағы қаржы кезеңіне қажеттіліктерді талдау және қалыптастыру;
- материалдық және қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
- іс жүргізуді ұйымдастыру;
- қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттардың (ҚБП) есебін жүргізуді, іс жүргізуді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, «E-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында пайдаланушыларды тіркеуге өтінімдерді ресімдеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің органдарымен салыстырып тексеруді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілдегі құжат айналымын жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- тоқсан сайынғы есептердің, жоспарлардың, хаттамалық тапсырмалардың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Ұлттық орталық басшылығының тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу;
- Ұлттық орталықтың, оның өкілдіктерінің және Ұлттық орталыққа қызметтерді, жұмыстарды немесе тауарларды ұсынатын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру және дамыту;
- халықаралық және өңірлік ұйымдармен, шет мемлекеттердің ұлттық құқық қорғау мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы халықаралық жобаларға, іс-шаралар мен бағдарламаларға қатысуды үйлестіру.