Қазахстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы - этносаралық қарымқатынастар мәселелері жөніндегі бөлім

    ҚХАХ - этносаралық қарымқатынастар мәселелері жөніндегі бөлім

    Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы – этносаралық қарымқатынастар жөніндегі бөлімі

    «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер.

    1.1. Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының Этносаралық қарымқатынаста р жөніндегі бөлімі(бұдан әрі – Басқарма) заңды тұлға құрмай, басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    1.2. Кадрлық қамтамасыз ету мен қаржыландыруды басқарма жүзеге асырады.

    1. Бөлімнің миссиясы, мақсаты, пәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

    2.1. Бөлім миссиясы:

    - Павлодар облысының аумағында ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;

    2.2. Бөлімнің мақсаты:

    - ішкі саяси, ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу және жұмысты ұйымдастыру;

    2.3. Бөлім қызметінің мәні:

    - этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    2.4. Бөлім міндеттері:

    - этносаралық қатынастар, диаспоралық саясат, отандастармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    2.5. Бөлім функциялары:

    - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық ассамблеямен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

    - этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен облыстық іс-шаралар, акциялар мен байқаулар өткізу, облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына этносаралық қатынастар саласында кеңестер беру;

    - этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту үшін этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

    - этникалық қазақтар аймағына келген және тұратын отандастардың жағдайын бақылау және талдау;

    - облысқа келген және тұратын отандастарды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    - облыстық ассамблея төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;

    - облыстағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен келешегі туралы ақпаратты тұрақты негізде жинақтап, тоқсан сайын Ассамблеяның Аппаратына (хатшылығына) ұсыну;

    - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

    III. Бөлім қызметін ұйымдастыру.

    3.1. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

    3.2. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.