Абай облысы әкімі аппаратының Абай облысы әкімдігінің хатшылығы
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.
3.2. Әкімдік хатшылығына жүктелген мақсаттар мен міндеттерді орындау.
3.3. Абай облысы әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және консультациялық сүйемелдеу.
3.4. Абай облысы әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының атына келіп түсетін материалдар мен құжаттарды тиісті шешімдердің толықтығы, өзектілігі, баяндалуының, орындалуының дұрыстығы, жобаларын (резолюция) дайындау тұрғысынан талдау және жүйелеу.
3.5. Облыс әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының баяндамалары мен есептерінің жобаларын дайындауға қатысу.
3.6. Өткізілген кеңестердің, кездесулердің, азаматтардың жеке қабылдауларының қорытындысы бойынша әкім орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының шешімдерінің (хаттамасының және т.б.) жобасын дайындау.
3.7. Әкім орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен өткен отырыстарға, кеңестерге, кездесулерге, жұмыс сапарларына және т. б. құжаттарды дайындау.
3.8. Абай облысы әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру: қабылдау барысында қабылданған шешімді не тапсырманы көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып, хаттамадан үзінді көшірмені одан әрі бақылау үшін ЭҚАБЖ жүйесіне (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі) салу.
3.9. Облыстық басқармалардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
3.10. Абай облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
3.11. Өз құзыреті шегінде халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, кеңестерді, семинарларды, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды үйлестіру мен дайындауға және өткізуге қатысу.
3.12. Әкім орынбасарларының және Абай облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының міндеттері мен мақсаттарының орындалуына талдау және мониторинг жүргізу.
3.13. Өтініштер мен хат-хабарларды (жоғары тұрған адамдардың тапсырмалары, қызметтік хат-хабарлар, сұрау салулар), оның ішінде ҚБП белгісі бар құжаттарды (құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды ескере отырып) ақпараттық жүйелер және өзге де тыйым салынбаған көздер арқылы Абай облысы әкімінің орынбасарына келіп түсетін құжатқа тиісті бұрыштама енгізе отырып, уақтылы қарау.
3.14. Әкімдік хатшылығына жүктелген өзге де функцияларды орындау.