Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Кремер Кристина Андреевна
    Төрағаның орынбасары

    Кремер Кристина Андреевна

    Сауда комитеті төрағасының орынбасары

    Кристина Кремер 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану) бітірген.

    Бағаны талдау және мониторингСауда қызметі мен мемлекеттік қызметтерді үйлестіру
    Қабдушев Дәулен Данатұлы
    Төрағаның орынбасары

    Қабдушев Дәулен Данатұлы

    Сауда комитеті төрағасының орынбасары

    Дәулен Қабдушев 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі және MBA дәрежесі бар. Инновациялық Еуразия университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша, Павлодар мемлекеттік университетін "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша, сондай-ақ education (master of business Administration) СБС бітірген.

    Бағаны талдау және мониторингі, бақылау саласыІшкі сауда саласын дамыту

    Басқа қызметкерлер

    3
    Утепбаева Асем Анұарбекқызы
    Басқарма басшысы

    Утепбаева Асем Анұарбекқызы

    Сауда қызметі мен мемлекеттік қызметтерді үйлестіру басқармасының басшысы

    Асем Утепбаева 1979 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2001 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бітірген.

    Ішкі сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік даму саясатын іске асыру
    Серіков Бидәулет Серікұлы
    Басқарма басшысы

    Серіков Бидәулет Серікұлы

    Бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасының басшысы

    1999 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Бағаны талдау және мониторингІшкі сауда саласын дамыту
    Айтбай Самал Қайратқызы
    Басқарма басшысы

    Айтбай Самал Қайратқызы

    Бақылау басқармасының басшысы

    Айтбай Самал Қайратқызы 1995 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітіріп, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алды.

    ҚР сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу, ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету