ҚР ОАМ «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ

    Жалпы ақпарат

    Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Қазақстан Республикасында қоғамдық және жалпы мемлекеттік маңызы бар арнайы педагогика мен инклюзивтік білім берудің тиімді нормативтік-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарын құруға және дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
    1) арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
    2) арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
    3) ғылыми-практикалық зерттеулер шеңберінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыстың диагностикалық-консультациялық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік әдістерінің сапасын арттыру болып табылады.