«Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК
ӘҚСД ҰҒО қызметтің үш негізгі түрін жүзеге асырады:
1) Протездеу және протез жасау – білім беру, зерттеу, конструкторлық, тәжірибелік-эксперименттік қызметті, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсете отырып, протездеу, протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау және жөндеу бойынша халыққа мамандандырылған медициналық-техникалық көмек көрсетуді қамтиды.
2) Естуді протездеу және есту-сөйлеуді оңалту – бұл кохлеарлық импланттары бар мүгедектігі бар адамдарға сурдологиялық (аудиологиялық), естуді протездеу, білім беру, психологиялық, медициналық, педагогикалық көмек көрсету. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу және техникалық қызметті (заманауи есту аппараттарын, жиынтықтауыш бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, аксессуарларды іріктеу, баптау, бағдарламалау және беру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету) қамтиды.
3) Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру – бұл мүгедектік, оңалту және ортездеу мәселелері бойынша ғылыми жұмысты үйлестіре отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
ӘҚСД ҰҒО қызметінің мәні мен мақсаттары
ӘҚСД ҰҒО Жарғысына сәйкес:
- ӘҚСД ҰҒО қызметінің мәні өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, протездік-ортопедиялық және естуді протездеу көмегін көрсету, ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады;
- ӘҚСД ҰҒО қызметінің мақсаттары мамандандырылған медициналық-техникалық және сурдологиялық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік оңалтудың жаңа құралдарын енгізу, Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау саласында инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізе отырып, ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмыстарды дамыту болып табылады.
ӘҚСД ҰҒО қызметтерін тұтынушылар протездік-ортопедиялық көмекке, протездеуге дейінгі және одан кейінгі оңалтуға мұқтаж мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ кохлеарлық имплантация жүйелерімен есту қабілеті протезделген есту қабілеті бұзылған адамдар болып табылады.
Жарғыға сәйкес ӘҚСД ҰҒО протездеу және есту-сөйлеуді оңалту саласында медициналық-психологиялық-педагогикалық және түзету көмегін көрсетеді.
Ресми сайт: https://www.kazto.kz/index.php/kk