ҚР ОСК "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 726 қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсiпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.
Кәсiпорын мүлкіне қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсінің құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитеті жүзеге асырады.
Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы болып табылады.
Мекен жайы: 010000, Республика Казахстан, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4
Байланыс телефондары: 8(7172) 32-31-69
Веб-сайт: https://www.election.gov.kz/rus/rgp/
Директор: Ниязов Әділ Әбілұлы