«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК
Үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру қызметін іске асыратын көпсалалы ұйым: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру.
Іле Алатауының тау бөктеріндегі шипажайлық аймақта орналасқан «Бөбек» орталығы 1997 жылы ізгілік педагогикасының, тұлғаға бағдарланған тәсіл мен балалық шақты қолдау педагогикасының үздік дәстүрлеріндегі Республикалық балаларды сауықтыру-оңалту орталығы ретінде құрылды.
Қазіргі уақытта Орталықтың құрылымына 5 білім беру және сауықтыру бөлімшелері кіреді: балабақша, гимназия, колледж, оқу-сауықтыру кешені, обсерватория.
Оқу-сауықтыру кешенінің қызметі жетім балаларды, экологиялық қолайсыз өңірлер мен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын сауықтыру әрі оңалту жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталған.