«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Инспекцияның мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Инспекция функциялары:
1) балық шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) Инспекцияның бюджеттік өтінімін дайындау, оны Комитетке ұсыну, сондай-ақ өзге де бюджеттік процесстердің рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысады;
7) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
8) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
9) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
11) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
12) балықтардың қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған жағдайда су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу арқылы мұндай қатерді жою мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
13) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
14) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
15) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аншлагтардың болуын, сондай-ақ олардың бекітілген үлгілерге сәйкестігін, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналдарын тексереді (кәсіпшілік журнал);
16) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
17) балық шарушылығын жүргізу қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
18) балық аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
21) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
23) биологиялық негіздеме негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі балық шаруашылығы мелиорациясын, жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
24) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген Инспекция бақылауындағы аумақтарда және су айдындарында (халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарына жатпайтын) шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларының жағдайына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын кәсiпорындарды, құрылыстар және басқа да объектiлердi орналастыруға, сондай-ақ, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгізуге келісім береді;
26) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
27) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
28) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап тексеруді жүзеге асыруға;
29) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
30) жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
31) заңсыз ауланған балық ресурстарының және басқа да су жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;
32) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
33) су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларын орнатуға келісім береді;
34) аулаған жері туралы анықтаманы береді;
35) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
36) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;
37) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді жүзеге асырады;
38) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
39) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтатады немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзеді;
40) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтайды және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қояды не сотқа талап-арыз береді;
41) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
42) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
43) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн жолдайды;
44) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының актілерімен, сондай-ақ, осы Ережемен қарастырылған басқа да функцияларды атқарады.
а да функцияларды атқарады.