«Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Су шаруашылығы саласын институционалдық қайта құру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №58 қаулысымен Кәсіпорын «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын өзіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК қосылған кәсіпорынның барлық құқықтары мен міндеттерін иеленді.

    Кәсіпорынға қатысты тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті органның функцияларын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жүзеге асырады.

    Жарғыға сәйкес Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау, пайдалану және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ суармалы және ауыз суды жеткізу болып табылады.

    Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – Кәсіпорын теңгеріміндегі гидротехникалық құрылыстар мен кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистральдық су құбырларын және басқа да су шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

    2026 жылғы 05 қаңтардағы жағдай бойынша Кәсіпорынның ұйымдық құрылымына 22 филиал кіреді.

    Анықтама үшін:


    Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Д. Қонаев атындағы БАҚ, ҚСАК, ШҚФ, БҚФ, СҚФ, Абай, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Сыр суы, Су-метрология, Алатау, Есіл су, Оңтүстікауызсу және Ұлытау филиалдары.