Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1) аудан және облыс аралық мәдени байланыстарды дамыту, өнер мен мәдениеттегі қол жеткен табыстармен алмасу, ауданда мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шара қолдану және оларды іске асыруға көмектесу, басқа мәдени орталықтармен байланыс жасау;
2) аудандағы мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жүйесінің дамуын реттеу;
3) ауданда мәдениет пен өнерді дамыту бағдарламасын дайындайды, халық шығармашылығының байқауларын, зерделі кеңестер, көрмелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырады;
4) аудандағы кино саласының қызмет ету және дамыту мәселелерімен айналысады, тұрғындарға кино және бейне фильмдер қызметін көрсетуге, ғылыми-техникалық прогресін дамытуға, фильм көрсетудің техникалық жағдайына және деңгейіне басшылық жасайды.
Кино-бейне репертуары саясатын қалыптастыру, әсіресе ұлттық киноматографиялық туындыларын кеңінен насихаттау;
5) Жергілікті әкімшілік органдарымен бірлесе отырып, аудан әкімінің мәдениет пен өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
6) халықтық ұжымдардың шығармашылығын жетілдіруге басшылық жасайды;
7) сырттан келген түрлі өнер ұжымдарының, театрлардың, жеке орындаушылардың концерттерін ұйымдастыруға ат салысады;
8) мемлекеттік тіл саясатының орындалуын жүзеге асырады;
9) Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру.