Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Жалпы ақпарат
    1. «Қармақшы аудандық мәденит және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемеcі (бұдан әрі-Бөлім) жергілікті мемлекеттік басқару саласында мәдениет және спортты дамытуда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Бөлімнің құрылтайшысы Қармақшы ауданының әкімдігі болып табылады.
    3. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:

    1) «Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    2) «Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    3) «Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

    4) «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    1. Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығының субьектісі «Қармақшы аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
    2. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекемеcі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Ізтілеуов көшесі №3А үй. Индексі 120500.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемеcі.
    10. Осы Ереже «Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемеcінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен (сметасынан) жүзеге асырылады.
    12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.