Өндірістік бөлім "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ
Қызметі:
1) белгiленген тәртiппен жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларына қатысады;
2) республикалық (орталық органдардың тапсырыстарынан басқа) және жергілікті бюджеттердің қаржысы есебінен жүргізілетін объектілер құрылысының тапсырысшысы-салушысы қызметін атқарады;
3) техникалық және авторлық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға (орындаушыларға), барлық әлеуметтік объектілердің құрылысына бақылау және мониторинг жүргізу ;
4) құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
5) орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкес келуін бақылау;
6) технологиялық жабдықтармен монтаждалған және құрылыс бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауда бақылап өлшеу жұмыстарын жүргізу;
7) жасалған жұмыстардың актісін ф.№2 және ф. №3 бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болын тексеру;
8) мердігер ұйымдардың құрылыс материалдары қажеттілігі туралы ақпаратты жинау және талдау;
9) құрылыс объектілеріне құрылыс материалдарының жеткізу барысында құрылыс индустриясындағы мекемелермен заводтармен қарым-қатынас жасау.
10) құжаттардың орындалу регламентін орындау;
11) тиімділігі жоғары материалдардың және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізу;
12) құрылыс ұйымдарын мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын пайдалануға тыйым салу.