Өндірістік-техникалық бөлімі
Жалпы ақпарат
Өндірістік-техникалық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім аудан әкімі орынбасарының тікелей басқаруымен жұмыс атқарады.
Бөлімнің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы, жарлықтарының өзге де заңнамалық актілерінің, сондай-ақ қоршаған ортаны сауықтыру және санитарлық тазалау саласындағы қалалық және аудан әкімдерінің қаулыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.