Алматы облысы құрылыс басқармасы Перспективалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімі

    Жалпы ақпарат
      1. Жоба-техникалық бөлім Алматы облыстық құрылыс басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде бекітеді.