ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз орталығы
Баспасөз қызметінің негізгі міндеттеріне қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл және коммуникацияны қамтамасыз ету кіреді, жасанды интеллект және цифрлық даму Министрліктің ақпараттық саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тікелей қатысады.
Ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы министрліктің қызметі туралы хабарламалар, баспасөз релиздері, ақпараттық-анықтамалық материалдар, сондай-ақ фотоматериалдарды әзірлеу және тарату жұмыстарымен айналысады. Бұдан бөлек, бөлім қызметкерлері министрліктің негізгі бағыттары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша талдамалық, статистикалық, ақпараттық және басқа да материалдарды дайындайды.
Басқарманың басым бағыттарының бірі – БАҚ-қа министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты толық әрі объективті ақпарат алуына жәрдемдесу, журналистердің сұраныстарына жауаптар дайындау, сондай-ақ PR-құралдарын пайдалану. Бұл бастамаларға іс-шараларды ұйымдастыру, ресми баяндамаларды дайындау, министрлік бастамаларын түсіндіру және оң имиджін қалыптастыру кіреді. Қажет болған жағдайда, басқарма қызметкерлері министрлік басшылығы мен мамандарының БАҚ-та сөз сөйлеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, басқарма қоғамды ақпараттандыру үшін баспасөз конференцияларын, пресс-турларды, брифингтерді, сұхбаттарды, сондай-ақ министрлік басшылығы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды өткізеді.
Басқарма өкілеттігіне сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің блогына азаматтар тарапынан жолданған сұраныстарға қажетті материалдар мен жауаптарды дайындау, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жауаптарының өзектілігін бақылау, сондай-ақ олардың блог-платформада уақытылы жариялануын қамтамасыз ету кіреді.
Оған қоса, құрылымдық бөлімше бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, басқа да мемлекеттік органдар мен компаниялардың баспасөз қызметтерімен, БАҚ редакцияларымен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүргізеді.
Дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде басқарма ведомствоның ресми ұстанымын жедел түрде жариялау, қажетті ақпаратты халыққа жеткізу және қоғамдық талқылауға арналған материалдарды тарату шараларын қабылдайды. Дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін басқарма қызметкерлері ақпараттық алаң мен трендтерді үнемі бақылап отырады.
Басқарманың басқа да міндеттеріне министрліктің ресми интернет-ресурсын контенттік толықтыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ министрліктің әлеуметтік желідегі акка