Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
- Бас инспектор- баспасөз хатшысының міндеттері
3.1. Мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша пайдаланушыларға нақты және қажетті ақпарат ұсынады.
3.2. Мемлекеттік органның құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сұхбаттар, түсініктемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар дайындауға жәрдемдеседі.
3.3. Лауазымды тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттар мен кездесулерді ұйымдастырады және өткізеді.
3.4. Келіп түскен сұрауларға жауап дайындау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
3.5. Қалалық (немесе аудандық) деңгейдегі қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен мерекелерді өткізу кезінде ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
3.6. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мәлімдемелер мен хабарламаларды, құттықтау және өзге де жеделхаттарды, грамоталар мен алғыс хаттарды, мерейтойлық және өзге де маңызды күндер мен оқиғаларға арналған хаттарды, әкімнің көпшілік алдында сөйлейтін сөздерінің мәтіндерін, сұхбаттарға арналған тезистер мен мақалаларды дайындайды.
3.7. Өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу.
3.8. Әкімнің қызметін жариялайтын материалдардың фото және бейне мұрағатын, сондай-ақ баспа түріндегі жинағын қалыптастырады.
3.9. Мемлекеттік органның интернет-порталына жалпы бақылау жүргізеді, мемлекеттік және орыс тілдерінде сайт пен әлеуметтік желілерде ақпаратты уақтылы жаңартып, орналастырады.
3.10. Әкім төрағалығымен өтетін кеңестерге қатысады, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпараттық хабарламаларды дайындайды, сондай-ақ ашық және көшпелі кеңестер кезінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасайды.
3.11. Әкімнің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттауға арналған құжаттарды жинақтап, дайындайды.
3.12. Ақпараттық кеңістікте қоғамда теріс реакция туғызуы мүмкін ақпарат анықталған жағдайда, бұл туралы мемлекеттік органның бірінші басшысын уақтылы хабардар етеді.