Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және инфрақұрылым бөлімшесі
Аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Тұрғын үй алаптары мен көшелерге қоқыс жәшіктерін орнату және олардың техникалық жағдайына қадағалау жүргізу.
Көпқабатты үйлермен (МИБ, кондоминиумдар) өзара іс-қимыл орнатып, коммуналдық салада бірегей саясатты іске асыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және шұғыл-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.
Бақылаусыз қалған адамдарды жерлеуді ұйымдастыру және зираттардың күтімін қамтамасыз ету.
Қиыршық тасты жолдарды төсеуге арналған материал сапасына бақылау жүргізу, білім беру нысандарына және қоғамдық көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жол полициясымен бірлесіп, жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеріп, тиісті органдарға ақпарат жолдау.