Подразделение организационной работы и правового обеспечения
Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс, қала және аудан әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерінің, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру. Облыс және қала әкімдігі құрылымдарымен, мәслихатпен, мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс орнату.
Селекторлық мәжілістер мен әкімдер өткізетін жиналыстардың хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімше жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің міндеттерін сапалы және уақытылы орындауын бақылау.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау арқылы Конституция мен заңнамалардың орындалуына ықпал ету. Сайлаушылар тізімін жасақтауға, сайлау және қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға бақылау жүргізу.
Халық санағын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, әкім тапсырмаларын іске асыру, тоқсандық жұмыс жоспарын құруға қатысу. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру, тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу.
Прокуратура, сот, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет және өзге де құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу, олардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру.
Қадағалау органдары актілерін қарау, құқықтық ұсыныстар дайындау, аппарат қызметкерлеріне құқықтық кеңес беру және қажет болған жағдайда сотта аппараттың мүддесін қорғау.