Төлеби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесі
Аудан әкімінің аппаратында іс жүргізудің бірыңғай тәртібін жүргізуді қамтамасыз ету заң қызметтерiн (бұдан әрi - заң қызметтерi) ұйымдастыруға және олардың қызметiне қойылатын бiрыңғай талаптарды белгiлейдi.
Заң қызметтерiнiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттiк органдардың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;
сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
заң қызметтерiне олардың қызметiне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады; құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi; мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады.