
Уалинова Жанар Амангельдиновна
Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкім аппаратының Әкімі
Жанар Амангелдіқызы Уалинова 1978 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы? Краснокутск ауданының (қазіргі - Ақтоғай ауданы) "Рассвет" совхозында дүниеге келді. Білімі жоғары. С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Музыка және ән" факультетін, К. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының "Көлікті ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану" мамандығы бойынша бакалавриатын, сондай-ақ С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Мәдениеттану" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистратурасын бітірді. Еңбек жолың Екібастұз қаласындағы № 18 орта мектепте жас маман ретінде музыка және ән пәнінің мұғалімі болып бастады. Кейін "Игра" тәрдие-білім беру кешенінде домбыра сыныбының оқытушысы, Төрт-Құдық ауылының ауылдық клубының меңгерушісі, "Атамұра" мәдениет орталығының директор орынбасары болып қызмет атқарды. Төрт-Құдық ауылдық клубының әдіскері жұмыс жасады.