
Олжабаева Гүлмира Серікқызы
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жалпы ақпарат, білімі Гүлмира Серікқызы Олжабаева 1978 жылы 26 сәуірде Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында (қазіргі Жаңаарқа) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар – Филология және экономика салалары бойынша. 2003 ж. Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетін оқытушы-филолог мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. Мансап Еңбек жолын 1998 жылы Теміртау қаласының № 4 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік қызметке кіріп, «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 18 мамыр айынан - 2023 жылдың 29 мамырына дейін «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылдың 29 мамыранан «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы