Алакөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша сараптама жасайды және тәжірибелік көмек көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсету қызметтеріне мониториг жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін реттейді, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуын және орындалуын қадағалап, жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау (бақылау іс-шарасын) жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп дайындайды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар мен шағымдарды қарайды және жауап жобасын әзірлейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында аталған мәселеге қатысты сұрақтарды аудандық Қоғамдық Кеңес отырысында қарастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзара әрекеттесу және мемкемелер мен кері байланысты ұйымдастыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялардың активімен, азаматтық қоғам өкілдерімен және интернет блогерлерімен қажетті жұмысты жүргізіп,электрондық мемлекекеттік қызметтерді насихаттау бойынша жергілікті жерлерде іс-шаралар ұйымдастырады (жәрмеңкелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.)