Ақсу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы және бухгалтерлік есеп бөлімшесі
Мемлекеттік сатып алу процесін регламенттейтін ҚР заңнамасының, сондай-ақ жанама түрде мемлекеттік сатып алу процесіне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуы; Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен регламенттелген мерзімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және оларды бұзуға жол бермеу; Мемлекеттік сатып алу бойынша мамандар арасында жүктемені бөлуді жүзеге асыру және олардың өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына жалпы бақылау жасау; Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші бір тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушілер конкурс өткізу үшін бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынған өтінімдерді: техникалық ерекшелікті, олар болған жағдайда біліктілік талаптарын, шарттың жобасын қазақ және орыс тілдерінде толтыруды және мазмұнын қарайды; Аппарат басшысымен келісілген конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болған жағдайда), конкурстық комиссияның хатшысын айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды айқындайды; Конкурстық құжаттаманың жобасын бекітуді қамтамасыз етеді; Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың, сондай-ақ конкурстық құжаттама мәтінінің веб-порталда орналастырылуына бақылауды жүзеге асырады; Конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылайды және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыруды бақылауды жүзеге асырады;