Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі

    ақпарат

    «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі»

    мемлекеттік мекемесі

    1. Функциялары:

    иесіз жер учаскелерін есепке алу;

    ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсынастары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

    жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

    жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру,

    аудандардың жер балансын жасау;

    жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

    жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;

    ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

    мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерді қорғау;

    қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)