Балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі міндеттері: бала құқықтары туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету; балалардың дене, зияткерлік, рухани және адамгершілік дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, бойларында отансүйгіштік, азаматтық және бейбітшілік қасиеттерін тәрбиелеуге, сондай-ақ қоғам мүддесіне, Қазақстан халқының дәстүрлеріне, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне сай баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу; бала құқықтары туралы конвенция ережелерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу, балалардың әлеуметтік әл-ауқатына талдау және болжам жасау, өңірдегі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу; халықтың бала құқықтары және оларды іске асыру жолдары туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру; балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыруды, тиімді жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету; балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу; қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.