Инфрақұрылымды дамыту және инвестициялар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі міндеттері:

    1. Туризм саласындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.
    2. Туристік нысандар мен бағыттарды дамытуға инвестициялар тарту жұмыстарын ұйымдастыру.
    3. Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың орындалуын бақылау.
    4. Туризм инфрақұрылымының (жолдар, инженерлік желілер, сервис нысандары, ақпараттық белгілер және т.б.) жағдайын талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
    5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

    Негізгі функциялары:

    1. Туристік инфрақұрылымның даму жоспарын әзірлеу және іске асыруды үйлестіру.
    2. Инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау, ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету.
    3. Туристік нысандарды орналастыруға арналған әлеуетті аумақтарды анықтау және ұсыну.
    4. Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында инвестициялық форумдар мен көрмелерге қатысу.
    5. Туризм инфрақұрылымын салу, қайта жаңарту және абаттандыру жобаларын қарау және келісу.
    6. Сала бойынша статистикалық және талдамалық есептерді дайындау және жоғары тұрған органдарға ұсыну.
    7. Басқарманың басқа бөлімдерімен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, туризм саласын дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру.