Туризм саласындағы саясат, халықаралық ынтымақтастық және бюджеттік жоспарлау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі міндеттері:

    1. Өңірде туризм саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.
    2. Туризмді дамытуға арналған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыру.
    3. Облыстың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіру.
    4. Туризм саласындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.
    5. Жетісу облысының туристік ресурстарын ақпараттық және имидждік тұрғыда ілгерілету.
    6. Туризм саласының жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

    Негізгі функциялары:

    1. Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
    2. Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
    3. Туризм саласының жағдайы туралы ақпаратты жинақтау, талдау және қорыту.
    4. Облыстың туристік брендингін дамыту мақсатында іс-шаралар (форумдар, көрмелер, баспасөз турлары, фестивальдер және т.б.) ұйымдастыру.
    5. Халықаралық және отандық ұйымдармен, дипломатиялық өкілдіктермен туризм мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
    6. Кірме және ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу, өңірдің оң туристік имиджін қалыптастыру.
    7. Туризмді дамыту мәселелері бойынша талдамалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындау.
    8. Басқарманың басқа бөлімдерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және бизнес-құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау.