Тарихи-мәдени мұра және креативті индустриялар бөлімі
- Басқарманың алқа мәжілісінің жұмысын ұйымдастырып, құжаттарын әзірлейді және салалық бөлімдерден тиісті ақпараттарды жинақтап, сапалы талдамалық материалдарды ұсынады.
- Басқармада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді.
- Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы ақпараттық-аналитикалық жүйесіне мәдениет, архив салалары бойынша нақты ақпараттың уақытылы енгізілуін қамтамасыз етеді.
- Мәдениет, архив салалары бойынша есепті ақпараттарды жинақтап, басқарманың атқарған жұмыстарының жиынтық есебін қалыптастырады, өткен кезеңдермен салыстырмалы талдау жүргізеді
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастырады және ұсынымдар енгізеді.
- Басқарма басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады, хаттамаларын дайындайды және оның орындалуын бақылауға алып, орындалуы жөнінде ақпарат ұсынады.
- Басқарманың персоналды басқару бағыты бойынша бағалауға мониторингін жүргізеді.
- Басқарманың кадрлық қызметін жүргізеді.
- Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тіркелу, қайта тіркелу мәселелері бойынша жұмыстарды атқарады.
- Бұйрықтарды, ережелерді, жарғыларды, шарттарды, келісімдерді, құқықтық тәртіптегі өзге де құжаттарды дайындауға қатысады
- Тиісті органдарға кадр ісі бойынша статистикалық есептерді тапсырады.
- Сала бойынша мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
- Техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.