Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Облыстың даму бюджеті бойынша жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін қарау және келісу шараларына қатысу (есеп-қисаптар, анықтама және т.б.), даму стратегиясын іске асыру жұмыстары бойынша жетекшілік жасау;

    Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті қалыптастыру, ағымдағы кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылау және түзету барысында даму бюджеті бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің белгіленген тәртіпте ұсынған бюджеттік өтінімдері мен есеп-қисаптарын, бюджеттік бағдарламаларының жобасын қабылдап, сараптама жүргізу және нәтижесімен тиісті қорытынды әзірлеу, облыстық бюджеттік комиссия мен облыстық мәслихаттың қарауына қажетті материалдар (кестелер, баяндама, слайд, анықтама, кітапша, депутаттық сауалнама және т.б.) дайындау, сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерінің жергілікті бюджеттерінің параметрлеріне талдау жүргізу, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу, қажетті материалдарды (кестелер, баяндама, слайд, анықтама, ұсыным және т.б.) дайындау;

    Бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттілігіне қарай облыстың даму бюджеті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылатын шаралар бойынша материалдарды ұсыну;

    Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе отырып: даму бюджеті бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалардың орындалуы, шекара маңындағы аумақтар, тіректі ауылдық елді мекендер, аудан орталықтарын дамыту жөнінде іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті мәліметтер әзірлеу, белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу;

    Облыстың басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбелерін қалыптастыру;

    Бюджеттік инвестицияларды жобаларды жүзеге асыру нәтижелері мен салдары туралы деректер жинау, алынған деректерге талдау жасау және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырудың тиімділігін бағалау;

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы жылдық мониторингті дайындау және облыс әкімдігіне ұсыну;

    Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынысына сәйкес, мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына, бизнес-жоспарларына экономикалық қорытындылар дайындау;

    Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың бағалануын жүзеге асыру;

    Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жұмыстарын үйлестіру, талдау жасап, ұсыныстар енгізу;

    Өз құзыры шегінде жерасты қазба байлықтарын пайдалану жөніндегі келісім-шарттар жобалары мен құжаттарын қарау және экономикалық қорытындылар беру;

    Даму бюджеті бойынша облыстың 5 жылға арналған даму бағдарламасындағы, облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында түзілген түйінді индикаторларға талдау жасау және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру, Түркістан қаласына жалпы жетекшілік жасау;

    Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне жетекшілік ететін салалары және басқа да қажетті ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындап, ұсыну;

    Жетекшілік ететін мәселелеріне қатысты келіп түскен тапсырмаларды, сондай-ақ, басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;

    Бөлім өзіне жүктелген міндеттердің сапалы және мерзімді орындалуына жауапты;

    Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе орындайды.