Талдау және мониторинг бөлімі

    Жалпы ақпарат
    1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

    2.1. Мақсаттары:

    1) Туризм саласының ағымдағы жағдайын, даму тенденцияларын және перспективаларын жан-жақты зерттеу, талдау және бақылау арқылы стратегиялық шешім қабылдауға, саясатты іске асыруға және бағдарламалардың тиімділігін арттыруға негізделген аналитикалық ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету.

    2.2. Құқықтары:

    1) Талдау және мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және туристік субъектілерден заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, қажетті ақпаратты, есептерді және деректерді сұрату.

    2) Жинақталған ақпарат негізінде туризм саласының жағдайы мен даму тенденцияларын толық кешенді талдау жүргізу, оның ішінде экономикалық, статистикалық және сапалық әдістерді қолдану.

    3) Талдау нәтижелері бойынша туризмді дамытудың стратегиялық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ, саланы реттеу мен ынталандыру шаралары туралы негізделген ұсыныстар әзірлеу және басқарма басшылығына ұсыну.

    4) Туристік статистиканы жүргізу, мониторинг және талдау жұмыстарын әзірлеу мен стандарттау, осы сала бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстарды әзірлеу.

    5) Саланы талдау мәселелері бойынша басқарманың басқа бөлімшелерімен, зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу және үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

    6) Басқарманың құзыреті шегінде стратегиялық бағдарламалар мен маңызды жобалардың орындалу барысына мониторинг жүргізуге қатысу.

    7) Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма ішіндегі құжат айналымына қатысу, соның ішінде құжаттарға бұрыштама қою.

    8) Біліктілікті арттыру мақсатында салалық конференцияларға, семинарларға, оқуларға және басқа да іс-шараларға қатысу.

    2.3. Міндеттері:

    1) Туризмді дамытуға арналған өңірлік бағдарламалар, жоспарлар және басқа стратегиялық жоспарларды әзірлеу. Уәкілетті органмен келісу арқылы қызмет көрсету шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған санитарлық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту.

    2) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервистік нысандарды салу шығындарының бір бөлігін өтеуді қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды күту шығындарының бір бөлігін субсидиялау.

    3) Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізуші орнын қоспағанда, сегіз орынды асып кететін жолаушылар тасымалына арналған көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтеуді қамтамасыз ету.

    4) Аймақтық және республикалық көрмелерде туристік инфрақұрылымды таныстыруға арналған ақпараттық және әдістемелік материалдарды әзірлеу.

    5) Туристік қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.

    6) Туризм саласының экономикалық талдауын жүргізу.

    7) Басқарманың қызметіне қатысты республикалық, өңірлік және басқа бағдарламалар, жол карталары мен стратегиялық құжаттардың орындалуы туралы есептер дайындау.

    8) Ақпараттық анықтамалар дайындау. Баспасөз хабарламаларын дайындау, жарияланымдарға жауаптар беру.

    9) Әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты талдау жүргізу және анықтамалар дайындау. Баспа және әлеуметтік желілердегі бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау.

    10) Бөлім қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асыру.

    11) Абай облысы аумағындағы туристік қызмет саласындағы үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

    12) Халықты жұмыспен қамтылуын арттыру шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау.

    13) Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша бекітілген қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ облыс әкімінің, оның орынбасарының, басқарма басшысының тапсырмаларын, жоспарлар мен жол карталары тармақтарын орындауды қамтамасыз ету.

    14) Ішкі және шетелдік іссапарларды жүзеге асыру.

    15) Облыста туризмді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.

    16) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен бөлімнің құзыретіне жататын басқа да құжаттарға уақтылы әрі сапалы жауап беру.

    17) Бөлімнің құзыретіне жататын заңнамалық, нормативтік және нұсқаулық материалдарды зерттеу. «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы жаңарту.

    18) Басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    3.1. Бөлім өз міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентінің жарлықтары мен жобаларына, Үкіметінің қаулыларына және қолданыстағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

    3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және сол тәртіппен лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    3.3. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері атқарады.

    3.4. Бөлім басшысы өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің мерзімі мен сапасы бойынша орындалуына және өз өкілеттіктерін тиімді пайдалануына дербес жауапты болады.

    3.5. Бөлім басшысы бөлімнің оңтайлы қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны бойынша негізделген ұсыныстарды ұсынады.

    3.6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың ішкі құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін барлық құжаттарға бөлім басшысы немесе оны уақытша ауыстырушы тұлға міндетті түрде бұрыштама қояды.

    3.7. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.