Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

    Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

    Ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді және тұрғын үй шаруашылығы аймағындағы жоспарлардың жүзеге асыруын бақылайды. Тақтайшаларды (аншлаг) әзірлейді мен орнату бойынша мердігер ұйымдардың келісімшарттық міндеттерін орындауына бақылау жасайды. Қызмет көрсетуші ұйымдар және коммуналдық кәсіпорындармен ауданның тұрғын үй қорларын жылу беру кезеңіне дайындайды және жылу беру кезеңінде тұрғын үй қорын пайдалану мен күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Апатты-ескі үйлерді бұзу және ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыруда уәкілетті мемлекеттік мекемелермен және қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлесіп қарым-қатынас жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Кондоминиум объектісін тіркеуде уәкілетті мемлекеттік органдармен және қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлесіп қарым-қатынас жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді.