Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігін дамыту , қала аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру, жалпы пайдаланымдағы орындарды күтіп ұстау және абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
2) қала аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыру және жалпы мақсаттағы жөндеу-құрылыс жұмыстары бойынша Тапсырыс беруші болады.
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымның қызметін үйлестіреді.
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күтіп ұстау және сыртқы абаттандыру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, көгалдандыру, санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қала жолдарын, көпірлерді, алаңдарды, скверлерді, бульварларды, субұрқақтарды, көшені жарықтандыру желілерін, арық желісін, қала тұрғындары жерленген орындарды сыртқы безендіру, күтіп ұстау, жөндеу және салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі бағыттарын әзірлейді және жалпы мақсаттағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізеді.
5) аудандық қаржы бөлімімен бірлесіп абаттандыру, бюджет жобаларының негізгі көрсеткіштерін әзірлеу бойынша бюджет қаражатының орындалуын, абаттандыру мен көгалдандыруды дамытудағы басты бағыттар мен басымдықтарды айқындауды талдайды.
6) қаржыландыру көздерін анықтау үшін аудан әкіміне жіберу мақсатында неғұрлым маңызды және перспективалы инвестициялық жобаларды анықтайды, қаржыландыру көздерін анықтау үшін аудан әкіміне жіберу мақсатында неғұрлым маңызды және перспективалы инвестициялық жобаларды анықтайды.
7) Өз құзыреті шегінде қаланың тұрғын үй қорының есебін жүргізеді, пәтер иелері кооперативтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады..