Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Функциялары:
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістермен, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр және байланыс желілерімен кесіп өтуіне келісу;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағының аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру;
автобекеттердің тізілімін жүргізу;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту.
кәріз, су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылауда ұстау;
тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау;
кондоминиум нысанындағы бөлме иелерінің жалпы қолданылатын мүліктің техникалық жағдайына, оның инженерлік құрал жабдықтарына және олардың күтімімен, жөндеу жұмыстарының қолданыстағы сәйкес уақытында жүргізілуіне бақылау жасау;
кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
су тазарту қондырғыларын сенімгерлік басқаруға беру комиссиясының жұмысына қатысады.
мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;
бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;
бөлімге қатысты жұмыстар бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;
құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;
құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық шарттар алу; ^
қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;
аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.);
бөлімге қатысты мәселелер бойынша бекітілген тәртіппен конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізуге;
құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын-үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады;
кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақты үй-жай (пәтер) меншік, иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс- шараларды жүзеге асыруға;
қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.