Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «28» ақпандағы №68 қаулысымен құрылды.
Бөлімнің мекенжайы: Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі №7 ғимарат.
Бөлімде бір басшысы, 4 бас маман қызмет атқарады.
Мекеменің мақсаты:
- аудандық коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, абаттандыру, көгалдандыру, тұрғын үй қатынастары, тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру жұмысы,энергетика және байланыс, сол сияқты осы салада тауар,жұмыс және қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
Мекеменің құқықтары:
- құзыретіне кіретін аудан әкімдігінің және (немесе) әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ мәліметтерді басқа мемлекеттік органдарға ұсыну;
- Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.