Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

    Жалпы ақпарат

    тұрғын үй коммуналды шараушылық, автомобиль жолдары мен жолаушы тасымалдау саласында біріңғай техникалық және экономикалық саясатын үйлестіру;

    - Көрсетілген жол және коммуналды қызметін талдап, жол және коммуналды шаруашылықты дамыту ұсынысын әзірлеу;

    - Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтер шегінде жалпы пайдаланылатын жергілікті маңыздағы автожолдарды күтуге, жөндеуге және қайта жаңартуға, сондай-ақ коммуналды шаруашылық объектілерін пайдалануға, транспортқа қарастырылған жол, жолаушылар тасымалдау көлікпен коммуналды шаруашылықты ұстап тұруға бөлінген қаржыны тиімді және мақсатты пайдалану;

    - көлік құралдарының тоқтаусыз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін, бекітілгенавтожолдар мен жол бойындағы ғимараттарды күту, техниканы және транспортты пайдалану деңгейін көтеру.

    - ауданның өкілеттік шегінде, ұсынылған нақты заңдар мен ережеге сәйкес, тұрғын үй – коммуналды қызмет деңгейін көтеру шараларын, меншік иесі берген мемлекеттік мүліктің оперативтік басқарылыуын жүзеге асыру, тапсырушының қызметін орындау;

    - ауданның ауыз сумен тоқтаусыз жабдықталуын, судың бөлініп берілуін, газбен жабдықталуын, көркейтілуін, көгалдандырылуын, жарықпен қамтамасыз етілуін, аумақтық санитарлық тазартылуын қамтамасыз етілуін, ауданның тұрғын үй қорын ұстау, тұрғын үй-коммуналды қызмет көрсету әдісі мен технологиясын іске асыру болып табылады.