Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Құжат айналымын, жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын бақылау және ұйымдастыру. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік салалық және стратегиялық бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін әзірлеуге қатысу. Кондоминиум объектілерін басқару және күтіп ұстау, қалалар мен кенттердің ортақ пайдалану аумақтарын күтіп ұстау мәселелерінде аудандар мен қалалардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне Мониторинг жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу, тұрғын үй қорын жаңғырту, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу шеңберінде жоғары тұрған органдардың алдында бюджеттік өтінімдерді құру және қорғауға қатысу. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж облыс азаматтарын есепке қою бойынша ақпарат пен есептілікті дайындау. Бюджеттік және бюджеттік емес жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау. ТКШ саласындағы объектілердің іске асыруды сүйемелдеу.