Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың оның құзырына жатқызылған жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
Қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көркейту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, сонымен сумен қамту, кәріз, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, реконструкциялауды және жөндеуді ұйымдастыру; көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, қала аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қала аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу; үй-жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету және тұрғын ғимараттары мен инженерлік жабдықтарды күтіп ұстау бойынша кондоминиумдарды және меншік пәтер иелері кооперативтерін қолдау мәселелерінде өзара әрекет ету; Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау; тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету; иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны қаланың коммуналдық мешігіне тапсыру; жасыл желектерді бұзуға және кесуге актілер беру; маусымдық пайдаланымға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.