Қостанай облысының әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жер қатыныстары бөлімі
Облыстың уәкілетті органының құзыретіне:
1) жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану, магистральдық құбырларды, мұнай және газды қайта өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау), өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары үшін, кәсіпкерлік қызметке сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Кодексімен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту туралы, сондай-ақ пайдалы қазбалар кен орындарын табу және игеру кезінде, магистральдық құбырларды салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша;
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжірибелік шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым шаруашылығы шаруашылықтары мен асыл тұқымды зауыттарға жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2-1) жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2-2) облыстың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) Өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
6) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, облыс жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
7) Өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарын) өткізуді ұйымдастыру;
8) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
9) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыс жерлерінің балансын жасау;
11) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органының рұқсаттар беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
12) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.