Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды; мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскелерін алып қою жөніндегі ұсыныстарды дайындайды; жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігін анықтайды.
Бөлім төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру;
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Жер учаскесін іздестіру жұмыстары үшін пайдалануға рұқсат беру;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.