Сайрам ауданы жер қатынастары бөлімі
Жалпы ақпарат
Сайрам ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Сайрам ауданының«Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Сайрам ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет бағыты - жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.