Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі

    Жалпы ақпарат

    «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі –Бөлім), Алматы облысы Қарасай ауданы аумағының шегіндегі жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Функциялары:

    1) Иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    2) Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

    3) Жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

    4) Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстары дайындау;

    5) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

    6) Мемлекет және меншікке сататын жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

    7) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    8) Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудардардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

    9) Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

    10) Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

    11) Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

    12) Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;

    13) Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінңң есебін жүргізу;

    14) Ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерінің паспорттарын беру:

    15) Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талатарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    16) Өз құзіреті шегінде жер пайдаланушылармен өз міндеттерін тиісінше орындамағаны жән жер заңнамасы нормаларын бұзғаны үшін жер учаскелерін жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын біржақты бұзу (ҚР ЖК 35 бап)

    17) Осы кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікт атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөніндегі ұсынастары дайындау;

    18) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі ұсыныстар дайындау;

    19) Жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.