Жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету және көші-қон бөлімі
Аталған міндеттерді орындау үшін Бөлімге келесі функциялар жүктеледі:
1. Актөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, сондай-ақ «Ақтөбе облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер саласындағы қызметіне әдістемелік басшылық жасау;
2. Облыстың стратегиялық жоспарын және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;
3. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған өзге де бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу, республика өңірлеріндегі жұмыспен қамтудың озық нысандарын қадағалау, оң тәжірибені жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне енгізу;
4. Жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, аз қамтылған азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
5. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау жоспарларын қалыптастыру және олардың орындалуын ұйымдастыру;
6. Ұлттық жобалардың, Концепцияның және облыстың даму бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізу;
7. Халықты жұмыспен қамту және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
8. Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
9. Еңбек ресурстары ағынын басқару жөніндегі өңірлік штабтың жұмысын ұйымдастыру, кадрларды қысқарту және бос жұмыс орындарының қысқару қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
10. Өңірдің еңбек нарығының жай-күйіне мониторинг жүргізу, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп білікті кадрларға деген болашақ қажеттілікті қалыптастыру;
11. Жергілікті атқарушы органдармен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жұмыстарын үйлестіру;
12. Республикалық және жергілікті бюджеттердің мақсатты трансферттерін игеру бойынша бақылауды жүзеге асыру;
13. Ақтөбе облысының даму бағдарламасындағы тікелей және түпкілікті нәтижелердің нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
14. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру және насихаттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа басылымдарында дайындау және орналастыру;
15. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен әлеуметтік қорғаудың тиімділігін көтеруге бағытталған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
16. Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын, мөлшерін белгілеу және жекелеген мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін айқындау жөніндегі талдау мен келісуді жүзеге асыру;
17. Табиғи апат немесе өрт салдарынан қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мерзімдері, шекті мөлшерлері және алушылар санаттары бойынша ұсыныстар енгізу;
18. Әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында учаскелік комиссиялар туралы ережелерді әзірлеу және облыстық мәслихаттың келісімімен облыс әкімі аппаратының бекітуіне ұсыну;
19. Аудан және қала деңгейінде мерекелік және естелік күндерге орай әлеуметтік көмектің уақтылы көрсетілуін бақылау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есептілікті ұсыну, облыс аумағында әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерін келісу;
20. Аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мүшелерінің масылдық тұрмыстық ұстанымдарын еңсеруге, кәсіби бағдарлануына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу;
21. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, оны талдау, деректерді қалыптастыру және өңдеу;
22. «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйелерін және Enbek.kz электрондық еңбек биржасын сүйемелдеу;
23. Бөлімнің құзыретіне кіретін шағымдар мен өтініштерді қарау;
24. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, басқа да салалық министрліктермен, облыстық басқармалармен, департаменттермен, комитеттермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, сондай-ақ басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау;
25. «Бірыңғай электрондық құжаттар мұрағаты» ақпараттық базасында жұмыс жүргізу;
26. Бөлімнің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша жоғары тұрған республикалық және жергілікті органдарға белгіленген мерзімдерде түрлі ақпараттық-талдамалық, есептік және басқа да материалдарды дайындау және ұсыну;
27. Орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты үйлестіру;
28. Бекітілген басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесі шеңберінде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оларда сұранысқа ие кәсіптердің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты үйлестіру;
29. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты үйлестіру;
30. Кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыруына ықпал ету;
31. Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және дамытуға жәрдемдесу;
32. Еңбек Жолы» республикалық конкурстары арқылы еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру;
33. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту», «Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда талап етілетін кәсіптердің белгіленген тізбесі шеңберінде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру немесе ұзарту», басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда талап етілетін кәсіптердің тізбесі, «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» ;
34. Өз құзыреті шегінде пана іздеген адамдар мен босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
35. Бөлімге қатысты ақпараттық-талдамалық жұмысты іске асыру.