Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1) аудандағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарын талдайды, болжайды және облыстардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді;

    2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді;

    3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырады;

    4) ұлттық жобалар, облыстың, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

    5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдайды;

    6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

    8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

    9) мүгедектігі бар адамдардың, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың және жетім балалардың қатарынан азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құрады;

    11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынады;

    12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

    13) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

    13-1) адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ықтимал түрде мұқтаж деп танылуы мүмкін негіздерді анықтауды қамтамасыз етеді;

    14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады;

    15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

    16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

    16-1) құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлайды;

    17) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық көмек көрсетуде әлеуметтік көмек және үйлестіру көрсетеді;

    18) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

    19) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

    20) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етеді;

    21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсынады;

    22) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

    23) мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұйымдастырады;

    24) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

    25) атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асырады;

    26) құзыреті шегінде азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге қатысады;

    27) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтау және қолдаумен қамту мәселелері бойынша отбасын қолдау орталықтарының, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады;

    27-1) өмірде қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) қолдап отыруды және мұндай жағдайдан шығаруды қамтамасыз етеді;

    27-2) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәсілдері, осы елді мекенде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бар-жоғы туралы хабар береді;

    28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.