Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
- Жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі ( ары қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау турлы», «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы», 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 27595 « Еңбек иммигрантына рұқсаттың мерзімін ұзарту және қайтрып алу қағидаларын бекіту туралы » Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығын, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы», 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары; Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі туралы», 2014 жылғы 2 маусымдағы №232 «Алматы қаласында тұрғын-үй көмегін тағайындау мен мөлшерін белгілеу ережесін бекіту туралы» шешімдері; «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штат кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысынан;
2) 8 бас испектордан.
- 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімнің міндеттері, қызметтері, құқықтары
- Міндеті: мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу. Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктерді Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға көрсетілуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан халқына әлеуметтік көмек көрсету.
Қызметтері:
1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді сурдо-техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
3) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
4) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді кресло-арбалар беру қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
5) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
6) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
7) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік портал қызметі» бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерді қамтамасыз ету үшін АИС «Е-Собес» арқылы құжаттарды қалыптастыру;
8) мүгедек балаларға және он сегіз жастан жоғары психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді қаматамасыз ету;
9) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша аудан тұрғындары мен заңды тұлғалар арасында семинарлар, кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялай отырып ұйымдастыру;
10) Алматы қаласындағы мемлекеттік емес ұйымдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен әріптестік байланыс орнату;
11) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша ақпараттар, есептер, мәліметтер, тапсырыстар дайындау, аудан бойынша жұмыстардың қорытындысын талдау;
12) басқармаға мемлекеттік марапат «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тағайындау үшін көп балалы аналардың құжаттарын қабылдау мен жеке істерін жіберу;
13) медициналық-әлеуметтік мекемелерге қажеттілігі бар мүгедектердің, зейнеткерлердің, мүгедек балалардың және азаматтардың құжаттарын қабылдау және комиссия қарауына құзырлы органға жіберу;
14) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік кұжаттар ресімдеу және комиссия қарауына құзырлы органға жіберу;
15) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардан өтініш қабылдау, куәлік беруге құжаттарды қабылдау, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін құжаттарды комиссияға ұсыну;
16) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және куәлік беру
17) ақталған адамға куәлік беруге құжаттар қабылдау;
18) жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 КД, 3,4 АЕК, 6,5 АЕК, 20 АЕК, 12 АЕК, 7АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК мөлшерде әлеуметтік көмек және санаторлы-курорттық емделу және газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау;
19) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
20) тұрғын үй көмегін тағайындау;
21) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
22) жекелеген санаттағы азаматтарға атаулы және мерекелі күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;
23) халықтың тұрмыстық деңгейін талдау, аз қамтылған азаматтар есебі.
24) жұмыспен қамту картасы бойынша мәліметтерді жинақтау;
25) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзартуға құжаттар қабылдау;
26) шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерден келесі жылға квотаға өтінімдер қабылдау;
- Бөлім құқықтары мен міндеттері:
- Әкім аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің, аудандық қызметтердің басшыларынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қызмет бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату.
- Белгіленген тәртіппен қала және аудан іс-шараларына, басшылықтың планерлік кеңестеріне және бөлім қызметінің бағыттары бойынша басқа да іс-шараларға қатысу.
- Бөлім жұмысын жетілдіру жөнінде аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша, аудан әкіміне ұсыныстар енгізу.
- Аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, қалалық және аудандық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімнің қызметін ұйымдастыру - Бөлім басшысы, бас инспекторлар және бөләмнің бас маманы лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.